Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәрігерлер тобы аттандырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәрігерлер тобы аттандырылды

28.10.2023

Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәрігерлер тобы аттандырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қарағандыға жөнелтілген дәрігерлер тобының құрамында токсиколог, травматолог-ортопед және нейрохирург бар. Зардап шеккен кеншілердің өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандары жұмылдырылған. Жоғары дәрежелі дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын. 

Хабарламаларға жазылу