АҚШ-та қазақ тілін салт-дәстүр арқылы үйрететін үйірме жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қазақ тілін салт-дәстүр арқылы үйрететін үйірме жұмыс істеп тұр

26.10.2023

Ана тілін ұлттық салт-дәстүр арқылы сіңіреді. АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі жанындағы қазақ тілі үйірмесінде бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Cебебі, жырақтағы жас ұрпақ қазақ тілімен қатар ділін де бойына сіңіре білуі тиіс. Жалғас Сәдібекұлының репортажы.

Үйірмеге келетін балаларың көбі ана тіліне шорқақтау. Сондықтан бүгінгі сабақтың қонағы Бексұлтан Сейдулла домбыра бөліктерін екі тілде қатар атап, түсіндіріп жатыр. Жеткіншектер ұлттық аспаппен танысып қана қоймай, алғаш рет қолға ұстап, пернелерін басып, шертіп те көрді.

Десе де домбыра үні қанында бар емес пе? Адай күйін естігенде ойын баласы отыра алмай, ортекедей ойнақтап шыға келді.

Үйірме бір жылдан аса жұмыс істеп тұр. Баласына қазақ тілін үйреткісі келген кез-келген ата-ана әр сенбі сайын елшіліктен табылады.

Сабақ интерактивті ойын түрінде өтеді. Қаза тілінің заңдылықтары, жазу-сызудан бұрын сөйлеуге, ана тілінде ойын еркін жеткізуге басымдық беріледі. Әр сабақта әр түрлі салт-дәстүр таныстырлады.

Самал Қойжанова, мұғалім:

Бүгін мысалы домбыра болса, басқа сабақта ою-өрнектер. Мақсат- қазақтың мәдениетін үйрету.

Самалдың айтуынша, мұндай тәсіл балаларың ықыласы мен ынта-жігерін арттырып қана қоймайды. Әрі көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы ұлттық кодты бойына тез сіңіреді.

Жалғас Сәдібекұлы


Америка

Хабарламаларға жазылу