Павлодар облысында 40-қа жуық шаруашылық жерінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 40-қа жуық шаруашылық жерінен айырылды

26.10.2023

Павлодар облысында 40 қа жуық шаруа игеріп отырған жерінен айырылып қалды. Фермерлер «Атамекен» палатасына көмек сұрап жүгінген. Жалпы, жыл басынан бері, кезінде заңсыз берілді деген 13 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Алайда, мұнымен келіспей соттасып жатқан шаруашылықтар бар. Олардың көпшілігі сол кезде ауылға қаржы тарту, яғни, инвест жоба арқылы жерді конкурссыз алу құқығын пайдаланған. Бірақ, кейін жергілікті атқарушы орган өздері ұсынған жер телімдерін кері қайтарып алуға кіріскен. Кейбір шаруалар 14 жыл бойы игеріп, пайда тауып отырған жерінен айрылып қалды.

Сәния Тасболатова, шаруа қожалығының өкілі:

Президент игерілмей жатқан жерлерді қайтарып алуды тапсырды. Ал біз жылдар бойы егін салып келе жатқан жерімізден айрылып отырмыз. Біздікі суармалы алқап. Одан өнім алу үшін қанша қаржы жұмсалды, техника сатып алынды. Жердің бос жатпағанын ғарыштанда бақылауға болады. Осыған қарағанда біздің жерімізге әлдекімдердің қызығушылығы бар сияқты.

Жерінен айрылғандардың дені ірі шаруашылықтар. Кемі 500 гектар, кейбірі 3 мың гектар алқапты алып қойды дейді. Ал жергілікті билік заң шеңберінде әрекет еттік дегенді алға тартады.

Болат Мидиу, Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Ол жерлердің көбі елді мекендердің аумағына кіріп тұр. Біздің департамент оны сотта құжат жүзінде дәлелдеді. Әрине шаруалар аппеляциялық және касациялық алқа қарауына шағымданып, өздерінің құқықтарын қорғай алады.

Болат Аманбаев

павлодароблысы

Хабарламаларға жазылу