Павлодар облысы Екібастұз қаласында 1,5 жастағы сәби кенеттен қайтыс болды. Мән жайды арнайы комиссия анықтап жатыр. Бала ауырған соң ата анасы жедел жәрдем шақыртқан. Олар дәрі еккен. Ал келесі күні баланың жағдайы ауырлап, ауруханаға түскен. Бірақ, кешкісін сәби қайтыс болған.
Гүлнар Жармақина, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
Сот медициналық сараптасын жасау орталығының Павлодар филиалы мәйітті тексерді. Әзірше оқыстан болған өлім деген диагноз қойылды. Нақты себебі биоматериалды гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады. Арнайы бригада құрылып Екібастұзға жіберілді. Олар қызметтік тексеру жүргізеді.
Болат Аманбаев