Ақмола облысындағы студенттің өлімі: Күдіктілер қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы студенттің өлімі: Күдіктілер қамауға алынды

26.10.2023

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған студенттің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Ақмола облысында осыдан жиырма күн бұрын 19 жасар жігіттің денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Қайтыс болған студенттің ата-анасы оның өз-өзіне қол жұмсамағанын, бәзбіреулердің ақша бопсалағанын айтып арыз жазған. Кейін, осы іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу