Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды. Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.
Досжан Маратұлы