Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев елден шығып кетпек болған жерінде қолға түскен. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Асхат Шындалиев мәлімдеді. Экс-министр қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Нәтижесінде мемлекетке аса ірі көлемде шығын келген.
Асхат Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Марат Бекетаев шынымен елден қашып кетудің амалдарын жасап жатқан кезде қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан өзге ақпараттарды заң бойынша жария етуге тыйым салынған.
Оңғар Алпысбай