Оралда «Шахмат керуені» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Шахмат керуені» өтті

26.10.2023

Оралда "Шахмат керуені" әуесқойлар арасында үздіктерді анықтады. Интеллектуалды ойын турнирі бұған дейін еліміздің бірнеше қаласында өткен. Шара барысында Қазақстан шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылды. Мобильді киіз үйде швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блицтен турнир ұйымдастырылды. Онда облыстық іріктеуден өткен 20 адам өзара бақ сынасып, үш жеңімпаз Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алды. Жалпы өңірде 9 мыңға жуық адам тұрақты түрде шахматпен айналысады. 500-ге жуық бала шахмат секцияларына қатысады.

Имран Насыров, оқушы:

10 жастан бастап шахмат ойнауды қаладым. Мамам мені Мирас ағайға жазды. Содан бастап үйреніп кеттім. Шахмат - интеллектуалды ойын. Ол біздің миымызды жақсартады. Математика сабақтарына көмектеседі.

Ардақ Мұратқызы


#Батыс қазақстан

Хабарламаларға жазылу