АҚШ пен Қазақстанның қорғаныс саласындағы әріптестікке 30 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қазақстанның қорғаныс саласындағы әріптестікке 30 жыл толды

26.10.2023

Қазақстан аймақтағы экономикалық интеграцияның қозғаушы күшіне айналды. АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Ресей және Орталық Азия бойынша аға директоры Николас Берлинер осылай деді. Республика күнімен құттықтаған Берлинер еліміздің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қабілетін жоғары бағалады. Ресми Вашингтон Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін кешенді реформаларын қолдайды. АҚШ пен Қазақстан гүлденген һәм қауіпсіз Орталық Азияны құру үшін бірлесіп жұмыс істеп келеді, деді лауазымды тұлға. Ал АҚШ-тың ұлттық гвардиясының қолбасшысы, генерал-майор Керри Муэлбек 1993 жылы Аризона штаты мен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арасында қол қойылған серіктестік бағдарламасының 30 жылдық мерейтойына ерекше мән беріп отырғанын айтты. Оның сөзінше қос тарап өзара тәжірибе алмасудан да көп жетістікке жеткен.

Керри Муэлбек , Аризона штаты Ұлттық гвардиясының қолбасшысы:

АҚШ Қазақстанның өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайды. Биыл Аризона Ұлттық Гвардиясы мен Қазақстан Қарулы Күштері мемлекеттік серіктестік аясындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт аралығында біз бір-бірімізді жақсы таныдық. Бұл тәжірибе алмасудан да маңызды.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу