Абай облысының Аягөз қаласында өрт кезінде бір үйдің төрт баласы қайтыс болды. Анықталғандай, жекеменшік үйде өрт шыққан. Қызыл жалын тұтанғанда онда тек балалар ғана болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен балалардың денесін алып шықты. Қазір осы оқиғаға байланысты полиция сараптама тағайындап, тексеру жүргізіп жатыр.
Ержан Жақып