Түрлі салада еңбегін ел мойындаған жерлестерімізге, Президент жарлығымен Мемлекеттік награда иеленгендерді Мәжіліс Спикері, «Аmanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов табыстады. Президент Жарлығына сәйкес «Парасат» орденімен №5 Алматы қалалық емханасының бас дәрігері Болат Садықов марапатталды. «Құрмет» ордені жазушы Алмас Ахметбекұлына және елордадағы Музыкалық жас көрермендер театрының директоры Асхат Маемировке табысталды. «Ерен еңбегі үшін» медалі тележүргізуші Айкерім Есеналиеваға, параби бойынша ұлттық құраманың мүшесі Севда Әлиеваға тапсырылды. Бұған қоса «Шапағат» медалі, Құрмет грамотасы сияқты наградалар табысталды. Соңғысы «Семей орманы» орман шаруашылығының өрт сөндірушісі Дмитрий Полянскийге тапсырылды.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс Спикері, «Аmanat» партиясының төрағасы:
Ұлытауда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы осы атаулы мерекені қайта жаңғыртты. Тарихи ақиқат қалпына келді. Міне, бүгінгі таңда Республика күні ұлтымыздың ынтымағын, халқымыздың береке-бірлігін паш ететін игі дәстүрге айналып отыр.
Қаракөз Кенжебаева