Коронавирусқа қарсы шығарылған «Спутник-V» вакцинасы жарамсыз. Ол бүгінгі күні ағзада індетке қарсы иммунитет қалыптастыра алмайды. Бұл туралы Гамалея атындағы институт қызметкерлері мәлімдеді.
Индира Бегайдар, тілші:
«Спутник-V» вакцинасы осындан үш жыл бұрын шығарылып, клиникалық зерттеулерден өткізілген. Індеттен қорғанудың ең тиімді тәсілі екпе салдыру болатын. Дегенмен бүгінгі күні вакцина жаңа штамдарға, әсіресе «кракен» штамына қарсы тұра алмайтынын көрсетті. Бұл - екпені шығарған мамандардың пікірі. Соңғы бір жылда екпенің тиімділігі төмендей бастаған.
Александр Арутюнов, дәрігер:
Медицинада штамдардың өзгеруі, вакцинаның тиімділігінің төмендеуі қалыпты нәрсе. Осыған дейін «Спутник-V» ағзада екі жылға дейін иммунитет қалыптастыратыны айтылған. Енді жаңа вакцина да бірнеше жылға жарайды деп ойлаймын. Бастысы екпе кезінде адамдардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Жаңа екпе толық сынақтан өткізіледі.
Гамалея атындағы орталық ғалымдары зертханада вакциналардың жаңа нұсқаларын дайындап, орталық қызметкерлерін вакцинациялады. «Кракен» антигеніне негізделген «Спутник V» вакцинасының клиникалық сынақтары жүргізілуде, 10 желтоқсанда аяқталады. Жаңа вакцина 10 наурызда еркін айналымға шығарылады.
Индира Бегайдар