Мемлекет басшысы Республика күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Республика күнімен құттықтады

24.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады. Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім басталды. Президент Республика күнін еліміздің ең басты мейрамы деп атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк Түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты»,- деді Мемлекет басшысы.


Хабарламаларға жазылу