Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бүгін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сонымен қатар Мемлекеттік сыйлықтың жеңімпазы да анықталды. Ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін, екі жылда бір рет берілетін Мемлекеттік сыйлық, биыл Ұлттық ядролық орталықтың авторлар ұжымына берілді. Атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер жұмысы үшін Эрлан Батырбековтың жетекшілігіндегі ұжымға табысталады.
Самал Қабышева