Түркістанда бүлдіршінді балабақша көлігі қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда бүлдіршінді балабақша көлігі қағып кетті

23.10.2023

Түркістанда бес жасар бүлдіршінді қағып кеткен балабақша көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Үйінің жанынан түсіп қалған бала жүгіріп өтпек болғанда, көліктің астында қалған. Ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Белгілі болғандай, мемлекеттік мекемеде негізі көлік қарастырылмаған, балаларды жеткізу үшін ата-аналар тасымалды өздері ұйымдастырған болып шықты. Бірақ бүлдіршіндерді үйіне жеткізген кезде, көлікте жауапты тәрбиеші болмаған. 

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу