Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев қамауға алынды

23.10.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады. 21 қазан күні бұрынғы Әділет министрі ұсталды деген ақпарат тараған. Алайда қай экс-министр екені нақтыланбаған.

Марат Бекетаев «Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде лауазымын асыра пайдаланды» деген күдікке ілінген. «Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы, үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда», делінген Агенттік таратқан хабарламада.

Қаракөз Кенжебаева

Хабарламаларға жазылу