Испанияның Канар аралдарына соңғы тәулікте Африкадан 1 мыңнан астам мигрант жетті. Олар еуропалық корольдік аумағына теңіздегі қауіпке қарамастан қайықпен барған. Мигранттандың негізгі бөлігі – сенегалдықтар. Олардың арасында «Қара құрлықтың» өзге елдерінің де азаматтары бар. Ресми мәліметтерге қарағанда, қаңтардың 1-нен қазанның 15-не дейін Канар аралдарына 23 мыңнан астам мигрант жетті. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 80 пайызға жоғары.
Арыстан Рысбек