Ақтауда бір отбасы түгелдей уланып, 2 бала қайтыс болды. Тағы 5 адам ауруханға жеткізілген.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайғылы оқиға сенбі күні 7-ші шағын ауданның 14-үйде болған. Біз қазір сол мекенжайда тұрмыз. 102 кезекшісіне шақырту таңертең сағат 9:00 шамасында түскен. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы пәтерде 2,5 жастағы және 10 айлық балалардың өлі денесін анықтады. Сондай-ақ, отбасының қалған 5 адамы ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі – бала. Дәрігерлер балалардың бірінің жағдайы ауыр екенін айтады. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қайғылы жағдай көршінің салғырттығынан болған. Себебі, төменгі қабатта тұратын көрші әйел пәтерін қандалаға қарсы улап, ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Осы оқиғаға қатысты тергеу басталып, сараптамалар тағайындалған.
Аягөз Оралбайқызы