Мысыр астанасы Каирде Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Бейбітшілік саммиті өтіп жатыр. Шараға 30-дан аса мемлекет пен халықаралық өңірлік ұйымдар жиналған. Саммиттің ашылуында сөйлеген сөзінде Иордания королі Абдулла палестиналықтарды күштеп көшіру әскери қылмысқа жатады деп ескертті. Ал Палестина президенті Махмуд Аббас «біз өз жерімізден кетпейміз» деп мәлімдеді. Бұл шара Израиль Хамас-тың шабуылынан кейін Газа секторында құрлықта операция жүргізуге дайындалып жатқан тұста өтіп отыр.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, Израильдің әуе шабуылдарынан 4100 палестиналық қаза тапқан. Ал Хамас Израиль әскери операцияны тоқтатқанда кепілдегі тұтқындардың бір бөлігін жіберетінін мәлімдеді. Бұған дейін қарулы топ америкалық екі азаматты босатқан еді.
Арай Төлегенқызы