Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдығы

26.03.2016
Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдығы
Ғасырға жуық тарихы бар өнер ордасында мәдениетіміздің көкжиегін кеңейткен мағыналы қойылымдар қойылды.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын Алматының барлық өнер ордасы қара шаңырақ санайды. Өйткені, мұнда Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов, Хабиба Елебекова сынды сахна саңлақтары қызмет еткен.

Театр ұжымы Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Алмас қылыш» тарихи драмасы, «Ай мен Айша», «Қаза мен жаза» және «Қоштасқым келмейді» спектакльдері көрермен назарына ұсынған. Ал, бұған дейін театр ұлттық құндылықтардан ажырамаған, қазақтың тарихынан сыр шертетін, тіпті түрлі заманауи туындыларды сахналап, жұрттың ыстық ықыласына талай мәрте бөленген.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу