Экономиканы жаңғырту мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономиканы жаңғырту мәселесі талқыланды

20.10.2023

Экономиканы жаңғырту мәселесі бойынша мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Шымкент пен Алматы қаласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады.

Сондай-ақ, IT-саласы мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселесін айтты. Еліміздегі тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту шаралары да талқыға түсті.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу