Солтүстік Қазақстанда 17 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 17 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталмай тұр

20.10.2023

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында 17 көпқабатты үйдің құрылысы 26 жылдан бері аяқталмай тұр.

Бұл баспаналар кезінде уран кенішінің жұмысшылары үшін салына бастаған. Алайда қазба байлығының қоры таусылып, кен орны жабылған. Жұмыссыз қалған жұртшылық салынып жатқан пәтерлерін тастап, жан-жаққа үдере көшкен. Аудандық әкімдік үйлердің бір бөлігін мемлекет меншігіне алып, құрылысын аяқтаған. Алайда қалған баспаналарды салып бітіру мүмкін болмай тұр. Билік өкілдерінің айтуынша оған кей пәтер иелері жылжымайтын мүлікті сатудан бас тартуы себеп.

Гүлдана Жұмаш, Саумалкөл ауылының тұрғыны:

Кезекте тұрғанымызға 6 жылдың көлемінен асты. Бюджеттік қызметкерлер ретінде, әлеуметтік салада жұмыс жасаймын. Кезек өзгеріп жатқан жоқ. Тұрған үйлерді салып, кезегіміз жылжыса екен дейміз.

Үйлерге қажетті комуникацияның барлығы тартылған. Әкімдік өкілдері арнайы сараптама жасатып, баспаналардың жағдайын бағалаған. Нәтижесінде мамандар құрылысты жалғастыруға болады деген қорытынды шығарды. Бос тұрған 17 үйде 891 пәтер бар. Аудан орталығында 900 адам пәтер кезегінде тұр.

Ерболат Бекшенов, Айыртау ауданының әкімі:

8 үйді қалыпқа келтірдік. Бағдарлама сот арқылы коммуналдық меншікке түсті. 80 пәтер ішінде. Оларға сосын үкіметтен ақша бөлінді. Ремонт істелінді, сосын кезекте тұрған кісілерге тапсырылды .

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу