Президент отандық геология саласының ардагерлерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент отандық геология саласының ардагерлерін қабылдады

20.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық геология саласының ардагерлерін қабылдады. Кездесу барысында тараптар саланы дамыту жайын талқылады. Мемлекет басшысының пікірінше геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу бағытына тың серпін беру қажет. Жуырдағы Жолдауда геологиялық барлау көлемін 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін жеткізу міндеті жүктелген еді. Сондай-ақ, шетелдік инвесторларды, капитал мен заманауи технологияларды тартудың маңыздылығы сөз болды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу