Дубляж саласында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубляж саласында маман тапшы

20.10.2023

Дубляж саласы ақсап тұр. Әсіресе шетелдік фильмдерді қазақ тіліне сапалы тәржімалайтын мамандар мен студиялар тапшы. Алматыда саладағы бірқатар мәселерді талқылаған Respublika партиясының мүшелері мен отандық киноиндустрия өкілдері бас қосқан жиында айтылды. Құрамына белгілі продюсерлер, мультипликаторлар мен Мәжіліс депутаттары енген сарапшылар кеңесінің пікірінше, отандық киноиндустрияға инвестиция тарту керек. Сонда ғана саланың дамуын тежеп отырған түйткілдер оң шешімін табады. Сондай-ақ сапалы фильмдер жарыққа шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдауды күшейту қажет деп отыр.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу