Ақмола облысында заңсыз алтын іздеген 3 адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында заңсыз алтын іздеген 3 адам қаза тапқан

20.10.2023

Ақмола облысында жыл басынан бері шахталарға заңсыз кіріп, өз бетімен алтын іздеген үш адам қаза тапты. Жер астында орналасқан мұндай кен орындарына кіру адам өміріне аса қауіпті. Дегенмен, қазіргі таңда оңай олжаны көздеп, бағалы металл қазушылар азаймай тұр. Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам алтын іздеуші жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 500-ге жуығы кен орнына заңсыз кіргені үшін екі рет құрықталса, 100-ден астамы арнайы лицензиясыз алтын өндіргені үшін үш рет істі болған. Сондай-ақ, соңғы екі жылда шахтаға заңсыз кіру бойынша сегіз іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Степногорск аймағының аумағында жер асты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері байқалды. Мысалы, ағымдағы жылы бұрын осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз ізденуші жарылыс әсерінен қаза тапқан. Қауіпті өндірістік обьектіге заңсыз кіргендерге жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертеміз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу