Астанада «Қайырымдылық керуені» республикалық форум өтті. Дәстүрлі шараның мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға қолдау көрсету. Олардың қабілеттін ашуға мүмкіндік беру. Алаңда қазақстандық мамандардың инклюзивті және арнайы білім берудегі инновациялық әдістемелері таныстырылды. Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға жәрдемдескен, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырған бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта ерекше балаларды оқыту, ата-аналарға және педагогтарға әдістемелік көмек көрсету жолдары қарастырылады деді.
Құралай Түспекова, Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба ұйымдастырушысы:
Біздің керуеннің ең басты мақсаты - осы ерекше балаларымызды халыққа таныту, ол балаларды қолдау. Сол балалар сонда бақытты болады. Өзінің талантын шығаруға көмектессе, ол бала ертең еліміздің керемет азаматы болады.
Ақмаржан Ғафизқызы