Израиль әскері Газа секторына кіруге әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әскері Газа секторына кіруге әзірленіп жатыр

20.10.2023

Израильдің қорғаныс министрі ел әскеріне Газа секторына кіруге дайын болуға бұйрық берді. Бұған қоса Йоав Галлант жеңіске жету үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт күресетінін айтты. «Reuters» агенттігі өзінің дереккөздеріне сүйеніп, Израильдің «темір қылыш» операциясы бұрын-соңды болмаған қатыгездігімен ерекшеленетінін мәлімдеді. Бұл ақпаратқа сай, Израиль Газаның инфрақұрылымын қиратып, Хамастың жерасты туннельдерін жарып жіберуді жоспарлап отыр. Израильдің Газа секторын бомбалауы әлі тоқтаған жоқ. Спутниктен түсірілген суреттерде бейбіт халық шабуылдан қорғану үшін мектептер мен ауруханаларға жиналған. Әуе соққыларынан Газада қаза тапқандар саны 3700-ге жеткен.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу