Келесі жылдан бастап, дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Қазір жоба пилоттық режимде жүзеге асуда. Жаңашылдық аталған саладағы бірқатар мәселелерді шешпек. Алаяқтықтардың алдын алып, бөлшек саудадағы дәрінің бағасы мен жарамдылық мерзіміне мониторинг жүргізеді. Толық қадағалау мақсатында әр қорапқа екі өлшемді бірегей Data Matrix коды қолданылады. Нәтижесінде республикадағы дәрілік заттардың толық айналымын өндірілген сәттен бастап қолданысқа дейін онлайн бақылауға мүмкіндік туады. Қадағалаудың жүйесін 2024 жылдың шілдесінен бастап енгізу жоспарланып отыр.
Аида Ахметбек