Инфрақұрылымды жаңарту - транзиттік ағындарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары барысында маңызды келісімдерге қол жеткізуі экономиканың өсімін еселеп, бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді дейді сарапшылар.
Дмитрий Журавлев, Аймақтық мәселелер институтының қызметкері, сарапшы:
Қол қойылған құжаттар ең алдымен экономикалық жобалардың дамуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде Қазақстанда жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ өмір сүру сапасы артады. Өнеркәсіптік бағдарламаларды іске асыру арқылы инфрақұрылымды дамытып, сапалы жолдарды салуға басымдық беріледі. Сондықтан бұл сапардың Орталық Азия үшін де маңызы зор.
Индира Бегайдар