Қара алтын бағасы қайта құлдырай бастады. Таяу шығыстағы қарулы қақтығыстарға байланысты мұнайдың баррелі 93 доллардан асып кеткен еді. Тіпті, кейбір сарапшылар баға 100 долларға дейін жетуі мүмкін деп болжаған болатын.
Алайда бүгін қара алтын арзандай бастады. Бұған АҚШ тарапының Венесуэланың мұнай-газ секторына салынған санкцияларды алып тастауы себеп. Бұл нарықта ұсынысты арттыруы мүмкін. Ал ұсыныс көп болса, бағаның төмендейтіні нарық заңы. Қазір бренттің құны 89 доллар.
Досжан Маратұлы