Бүгін – құтқарушылар күні. Ақмола облысында орман және дала өртіне қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Жыл басынан бері өңірде орман және дала өртінің 100-ден астам дерегі тіркелген. Сондықтан құтқарушылар кез-келген жағдайға сақадай сай болуы керек. Оқу жаттығудың басты мақсаты осы. 300-ге жуық адаммен 100-ден астам техника жұмылдырылған шарада қызыл жалынмен күрес кезең-кезеңімен көрсетілді. Яғни өрт сөндірушілер бірер минутта тұтанған өрттің аумағын анықтап, оның таралуына тосқауыл қойды.
Ұмсындық Наурызбаева