Мысыр өз аумағы арқылы Газа секторына көмек енгізуге келісті. Мұны осы елдің басшысы Әбдел Фаттах әс-Сисимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл уағдаластық бойынша, Рафах өткізу пункті арқылы палестиналық анклавқа гуманитарлық жүк тиелген 20 шақты машина енуі керек.
Хамас пен Израиль арасындағы соғыс қазанның 7 басталды. Содан бері, Израильдің блокадасына алынған Газада жүздеген мың адам азық-түлікке, ауыз-суға, отын мен дәрі-дәрмекке зәру болып отыр.
Арыстан Рысбек