Алматы облысында адам ағзасын саудалағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында адам ағзасын саудалағандар ұсталды

18.10.2023

Елімізде адам ағзасын саудалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Алматы, Жамбыл және Түркістан облысындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 22 адамды ұстады. Олар донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу, ішкі органдарды трансплантациялау және операцияларды ұйымдастыру жұмыстарына жауапты болған. Күдіктілерден ақша, құжаттама және заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олар 8 науқас адаммен әрқайсысы 6-10 миллион теңге көлемінде келісім-шарт жасағаны анықталды. Полиция үш негізгі ұйымдастырушыны қамауға алды. Егер олардың қылмысы толық дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тәуірбек Бозекенов


Хабарламаларға жазылу