Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын және шетел азаматтарын кепілге алғанын айыптайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство өкілдері БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды босату және гуманитарлық көмекке алуы туралы үндеуін қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен ТМД Саммитіндегі мәлімдемесінде жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан түйткілдердің террористік әрекеттер арқылы шешілмейтінін айтып, елді бейбіт өмірге шақырған болатын.
Азамат Нұғыманов