Елімізде соңғы 3 айда отбасылық зорлық-зомбылық 4 есе көбейген. Бұған тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша заңнамалық өзгертулер ықпал етті – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха. Дегенмен бұл жаңашылдықтар мәселенің реттелуіне әсер етіп жатыр. Өңірлерде отбасыларға қолдау көрсететін 70 ке жуық орталық құрылған. Бұл әлі де аздық етіп тұр. Алдағы 3 жылда тағы 100 ге жуық осындай орталық ашылмақ. Ал ең бастысы, зардап шеккендерге көмек көрсетумен шектелмеу, мұндай деректердің алдын алуға барынша күш жұмсауымыз керек деді үкімет басшысы Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Талдау нәтижесі көрсеткендей тұрмыстық құқық бұзушылықтардың жартсы мас күйінде жасалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған отбасыларға жүйелі түрде психологиялық көмек беру жұмыстары жүргізілмейді. Бұл ретте жедел желі мен сенім телефондарының мүмкіндігін кеңейту қажет.
Оңғар Алпысбай