Ақтөбе облысында 1000-нан астам тұрғын кәсіп ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 1000-нан астам тұрғын кәсіп ашты

17.10.2023

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1000-нан астам тұрғын кәсіп ашты. Шикізатты өңдеп, дайын өнім сатуды қолға алғандар көп. Бұл бағдарламаның аса қажетті екенін биыл жолдауда Мемлекет басшысының өзі айтқан еді. Тек Ойыл ауданының өзінде 126 жоба мақұлданып, 344 миллион теңге игерілген. Тұрғындар мал мен құс өсіруді қолға алды. Сондай-ақ, дәстүрлі емес шаруашылықтарға ден қойғандар да жетерлік. Дайын өнімдер аудан орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеге шығарылып жатыр. Көптоғай ауылдық округінен әкелінген құс еті мен сүт өнімдеріне сұраныс жоғары. Елдімекенде 40-қа жуық адам жеңілдетілген несие алып, іс бастаған.

Ерлан Асылбаев, Көптоғай ауылдық округінің әкімі:

46 жоба тапсырдық. Қазіргі таңда 36 мақұлданып, қолына ақшасын алды. Бұл 36 жобаға 50,8 млн теңге игердік. Қазіргі таңда осы Көкжар жәрмеңкесіне қаз еті, құс, тауық еті, жұмыртқа сонымен қатар балапандар әкеліп отырмыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу