Бразилияда Амазон өзеніндегі су деңгейі соңғы бір ғасырдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Жергілікті экологтардың мәліметінше, тропикалық орман ортасынан өтетін өзен суының тартылуына қуаншылық әсер еткен. Осы құрғақшылық салдарынан Амазонда қайықтар қатынасы қиындап, аймақтағы ауылдардың жүздеген мың тұрғынына азық-түлік пен өзге де қажет заттарды жеткізу қиындаған. Ал, Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, су тапшылығынан зардап шегіп отырған аудандардың халқына көмекке дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері жіберіледі.
Арыстан Рысбек