Республика күні Еуропада аталып өтті. Еліміздің Бельгиядағы елшілігі Батыс жұртына Республика күні ұлттық мерекесінің мән-маңызын түсіндіру үшін салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Шараға Еуропалық комиссия өкілдері, Еуропарламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың басшылары мен дипломаттар қатысты. Елші Марғұлан Баймұхан жиналғандарға елдегі саяси-әлеуметтік реформалар туралы баяндады. Еліміздегі ауқымды өзгерістер Бельгия, Еуропалық Одақ өкілдері тарапынан қолдауға ие. Жаһандану заманында елдің мәдениет, төл әдебиет, тарихты түгендеп, ұрпақ санасына сіңіріу жолындағы еңбекті жоғары бағалады.
Микаэль Зиберт, Еуропалық Сыртқы істер қызметінің Ресей, Шығыс серіктестік елдері, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директоры:
Республика күнін тойлау біз үшін бір ғанибет. Қазақстан жыл өткен сайын өзіне сенімді, ұлттық дәстүрлерін заманауи дамумен ұштастыра білген мықты мемлекетке айналып келеді. Қазақстан - Еуропалық Одақтың өте маңызды серіктесі және экономикалық тұрғыда Орталық Азиядағы жетекші мемлекет. Осындай сенімді серіктесімізге сәттілік тілейміз.
Нұрсұлу Қасым