Петропавлда жаттығуға барған 18 жастағы спортшы қайтыс болды. Қайғылы оқиға 19:00 шамасында «Қарасай» стадионына қарама-қарсы футбол алаңында болған. Қатты соққыдан спортшы жасанды көгалға баспен құлаған. Жедел жәрдем қызметі ес-түссіз жатқан бозбаланы облыстық балалар ауруханасына апарды. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлердің айтуынша ол бас ми жарақатын алған және жүрегі тоқтап қалған.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда спортшы жаттығу алаңында қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/182973/)