Францияның Канн қаласында Mipcom деп аталатын халықаралық көрменің алғақшы күні аяқталуға жақын. Атап өту керек, телерадио, медиа саласындағы беделді шараға «Qazaqstan» телеарнасы да белсенді қатысып жатыр. Арнамыз бірқатар елмен халықаралық серіктестікке қол жеткізуі мүмкін. «Ақ жауын», «Сезім толқыны», «Бақыттың кілті», «Жатбауыр» сияқты сериалдары бір бөлек, «Абайдай» тарихи өнімін халықаралық жобаға ала келген «Qazaqstan» арнасының шарадан күтері көп. Мақсат, контент алмасу мен қатар отандық өнімдердің шекарасын кеңейтуді көздейді.
Гүлназ Көкішева, «Қазақстан» РТРК» АҚ Дистрибуция және сатып алу бойынша директоры:
«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы бүгін Mipcom халықаралық көрмесінде өз өнімдерін ұсынып жатыр, сағат 9:30-дан түске дейін біз жеті кездесу өткіздік. Австралия, Моңғолия, Финляндия және Болгария елдерінің өкілдері біздің өнімдерге қызығушылық танытып жатыр, әсіресе «Balapan» телеарнасының шығаратын мультхикаяларына және де біздің өндіретін телехикаяға аса сұраныс артып отыр.
Аида Барлыбек