Сот орындаушыларына қатысты заңға өзгерістер енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот орындаушыларына қатысты заңға өзгерістер енеді

16.10.2023

Жеке сот орындаушыларға қатысты Заңға өзгеріс енгізілмек. Сот орындаушылармен өндірілген алимент ақшасы, олардың шотына түспейді. Тікелей балалардың шотына аударылмақ. Бұл заңмен қадағаланады. Өзгеріс Парламенттің қарауына берілген. Әділет министрі Азамат Есқараев БАҚ өкілдеріне осыны мәлім етті. Айта кетейік, жеке сот орындаушылары арқылы жүзеге асатын мұндай процесстің салдары, қаржы жымқыруға апарған фактілер бар. Министрдің айтуынша, биыл алаяқтық жасаған сот орындаушылары 34 балаға төленетін 5 млн теңге көлеміндегі алименттің қаржысын қалтаға басқан.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

Бұрынғы заңнама солай құрастырылған екен, яғни сот орындаушылары жиналған ақшаны өзінің қарамағандағы шотқа жинап және ол шотқа еш тыйым салынбайды екен. Жәрдемге мұқтаж жасөспірімге нақты аударылатындай ғана мүмкіндіктер қарастырыпты.

Еске сала кетейік, Астанада жұмыстан қуылған екі жеке сот орындаушы балаларға бөлінген алиментті өз пайдасына жаратып келгенін бұған дейін хабарлаған-ек. Олар алты ай бойы 87 баланың ақшасын иемденіп отырған. Жеке сот орындаушы екінші топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Ал екіншісі қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шоттынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу