Ел аумағында киік аулау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Себебі, толассыз жауған жаңбыр аңшыларға қолайсыздық туғызған. Енді киік кұрықтаушылар ақбөкендерді түн ішінде атып алуға көшкен. Министрлік бұл әдіс қыс түсіп, тоң қатқанға дейін жалғасады дейді. Бүгінде киіктердің саны тарихи көрсеткіштен асып кетті. Сол себепті киік санын реттеу қолға алынып отыр. Ресми мәлімет бойынша осы күнге дейін 91 киік ауланып, 14 басы атылған. Ал сайын даланы кезген жануардың жалпы саны 2 миллионнан асады. Министрлік олардың популяциясын реттеу үшін 337 мыңын аулап, атып алуды жоспарлап отыр.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Жалпы киіктің санын басқару жөніндегі биологиялық негіздеме дайындалғанда басшылыққа екі тәсіл алынған. Біреуі – «қарал» тәсілі, мынау торларды құрып, ұстау. Сосын ет өңдейтін зауыттарға жеткізу. Екінші – түнде ату мәселесі.
Тәуірбек Бозекен