Сарапшы: Логистика елді одан әрі дамытуға жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Логистика елді одан әрі дамытуға жол ашады

16.10.2023

Венаның академиктер одағының сарапшысы Христиан Цайц Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл халыққа жолдаған жолдауына қатысты пікір білдірді. Жолдау ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт ашып берді. Қазақстанды Азия мен Еуропа арасындағы негізгі көлік торабына айналдыруға күш салу маңызды қадам екенін атап өтті. Оның пайымынша, бұл қадам энергетика, ауыл шаруашылығы және геостратегия тұрғысынан өте маңызды. Ал, логистика елді одан әрі дамытуға жол ашады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу