Қазақстан көлік-логистика саласында ірі мемлекетке айналуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан көлік-логистика саласында ірі мемлекетке айналуы тиіс

16.10.2023

Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттырып, көлік-логистика саласында ірі мемлекетке айналуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған осы мәселеге өзбекстандық сарапшылар ерекше назар аударды. Көлік тасымалы саласындағы оң өзгерістердің көрші мемлекеттегі тасымал бағытына да тікелей қатысы бар. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Президент Жолдауында қамтылған өзге де тақырыптар жан жақты талқыланды. Оған осы елдегі заң шығарушы орган өкілдері мен экономист сарапшылар қатысты.

Дилором Файзиева, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі халықаралық істер және парламентаралық байланыстар комитетінің төрағасы:

Өзбектерде мақал бар «Көршің тыныш болса, сен де тынышсың». Мен бұл мақалды «Көршіміздің жетістігі- біздің жетістігіміз» деп өзгерткім келеді. Қазақстанмен арадағы байланыс ғасырлар бойы орныққан. Саяси диалог, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени гуманитарлық саладағы ынтымақтастық артып келе жатқаны қуантады. Парламентаралық ынтымақтастық туралы да батыл айта аламын.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу