Елімізде 1,2 млн әйелдің зейнетақы аударымдары жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1,2 млн әйелдің зейнетақы аударымдары жоқ

13.10.2023

Елімізде еңбекке жарамды 4,6 млн әйел бар. Бірақ, оның 3 млн-ға жуығы ғана, ресми түрде жұмыс істейді. Ал, 1 млн 295 мыңында зейнетақы аударымдары жоқ. Дені ауылдық жерлерде тұрады. Зейнетақы аударымдары жоқ, оқу орындарында оқымайтын және декреттік демалысқа шықпаған әйелдерге отбасының цифрлық картасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, нақты қолдау шаралары ұсынылып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстардың арқасында бүгінге дейін 8 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу