Астанадағы құрылыс алаңында құлаған 4 альпинисттің тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Мұны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ауруханаға жоғары дәрежедегі шок диагнозымен 3 науқас жеткізілген. Олардың қабырғалары, жамбас сүйектері сынған, ішкі ағзаларына зақым келген. Өндірістік альпенисттер биіктен құлап кеткен. Біреуі оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екеуі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр.
Азамат Бейбітұлы