Павлодар облысында шаруалардың шөбі су астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шаруалардың шөбі су астында қалды

12.10.2023

Ертіс өзені тасып Павлодар облысы шаруаларының қысқа дайындаған шөбі су астында қалды. Дерекке қарағанда Шығыстағы Шүлбі және Үлбі су қоймасынан аса ірі көлемде су босатылып жатыр. Мәселен, жылда бұл уақытта секундына 650 текше метр су жіберілсе, қазанның 1-нен бастап 1100 текше метрге ұлғайтылған.

Әйгерім Қабылтаева, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

-Осы көлемдегі су Ертіс жайылымына толығымен жайылмайды. Тек қана шағын көлдерге әсер етіп, көлдер ғана толады. Ал, тәуекелі бар жерлер ол төмен шағын жерлерде бұрын дайындалған жемшөп қорлары қазір әкімдіктермен шығарылуда. Біз сондай ғана ұсыныс береміз.

Еліміздің Шығысындағы су қоймалары аймақ әкімдігіне алдын-ала хабар бермеген. Соның кесірінен Павлодар ауданына қарасты Заря, Жертұмсық ауылдары тұрғындарының қысқа дайындалған біраз шөбі жарамсыз болып қалды. Қапыда қалдық дейді фермерлер. Ал, егер ағын су дәл осы мөлшерде жүре берсе шығын көлемі ұлғайа бермек.

Қанху Әзімханұлы, Заря ауылының тұрғыны:

-Шөп шабылған. Бірақ су басып кетіп, шығара алмай қалдық. Қаншама халықтың шөбі осы Ертіс бойында қалды. Қаншама ауылдың тағдыры ғой. 


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу