Орал қалалық сотында Ресейден келетін астықты шекарадан кедергісіз өткізу үшін лауазымды қызметкерлерге 525 мың теңге көлемінде пара берген азамат 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал пара алғандарын мойындаған 7 адамға - облыстық көліктік бақылау инспекциясы, полиция департаменті мен патрульдік полиция батальондары қызметкерлеріне айыппұл салынып, олар қамаудан босатылды.Тәртіп сақшылары 500 мың және 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Ардақ Мұратқызы