Қостанай облысында малдың құтыру дерегі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында малдың құтыру дерегі тіркелді

12.10.2023

Қостанай облысында малдың құтыру дерегі тіркелді. Ұзынкөл ауданындағы шаруашылықта тамыз айында бір сиырдың осы індетті жұқтырғаны анықталған. Мамандар мұны жыл сайын кездесетін қалыпты жағдай деп отыр. Яғни, таралу қаупі төмен. Індет шыққан шаруашылыққа ветеринарлық талапқа сай шектеулер қойылды. Екі айға жуық бақылау кезінде құтыру ауруы басқа малдан анықталған жоқ. Сондықтан жақын күндері шектеулер алынып, шаруашылық жұмысы қалыпты жағдайға көшіріледі.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу