Халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне басымдық берілуі керек – Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне басымдық берілуі керек – Президент

11.10.2023

«Халықты қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне басымдық берілуі керек. Ол үшін тауар өндіру мен сатудың барлық сатысында баға белгілеу ашық түрде жүргізіліп, өнімсіз делдалдармен күресті күшейту керек». Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Жиында президент жерді тозудан қорғау шараларын жандандыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Бұл ретте ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар мен жерлерді бөлу кезінде құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жалғастыруы тиіс- деді. Жиын соңында мемлекет басшысы Үкімет пен уәкілетті органдарға азық-түлік тәуелсіздігін нығайту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу